14 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1137

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторын айқындау туралы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы болып «ӨКМ операторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айқындалсын. 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.